Саясат

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар халықаралық құжатты ратификациялау туралы заң жобаларын қарады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Құжаттар қатарында 2023 жылғы 4 желтоқсанда Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісім бар. Сонымен қатар 2024 жылғы 8 мамырда Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы да қаралды.

Бұдан бөлек, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:

  • Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы;
  • машина жасауды дамыту мәселелері туралы;
  • жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет туралы;
  • ҚР мемлекеттік қызметі туралы және оған ілеспе түзетулер;
  • 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
  • 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
  • инвестициялық қорлар туралы және оған ілеспе түзетулер;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button