Депутаттар спиртті ішімдікке шектеу енгізуді ұсынды
Депутаттар спирттік ішімдіктерді дүкендерде кешкі сағат 20.00-ден кейін сатуға тыйым салуды ұсынды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, әр екінші адам кісі өлтіруді, әр үшінші зорлау мен бұзақылықты, әр төртінші тонау мен жол апатын мас күйде жасайды. Ал отбасындағы зорлық-зомбылықтың жартысынан көбі – ішімдіктің салдары.

Мәжілісмен Магеррам Магеррамов Премьер-министр Олжас Бектеновке: – Адам ресурсы – мемлекеттің басты құндылығы. Алайда бұл құндылық нақты себепсіз жоғалуда. Сондықтан алкогольді өнімдерді сататын орындар балаларға арналған және білім беру мекемелерінен кем дегенде 100 метр алыста болуын, кафе мен мейрамханаларда сағат 22.00-ден кейін мүлде сатылымға шығарылмауын, онлайн алкоголь саудасы мүлде тоқтатылса, – деп депутаттық сауал жолдады.
Алкоголь – қылмыстың негізгі себептерінің бірі деген халық қалаулысы барлық алкоголь өнімдеріне цифрлық таңбалау енгізіліп, тек арнайы белгіленген орындарда сатылу керек деп санайды.
Депутаттар бұл бастама қоғам қауіпсіздігін арттырып, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді деп санайды.
Жанель Жанболатқызы



