Қоғам

Президент қыз алып қашуды жабайы қылмысқа теңеді

Мемлекет басшысы қыз алып қашуды адам ұрлағанмен бірдей деп баға берді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Сурет Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда айтты.

Президент қыз ұрлау – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс екенін, ондай қатыгездікке ешқашан жол берілмейтінін ескертті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 2024 жылы болған Нұрайдың қайғылы жағдайына байланысты Шымкент полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырған.

Айтуынша, бұл оқиға бүкіл елді дүрліктіріп, осы бойынша құрылтайға 130-ден астам өтініш түскен. Сондықтан Мемлекет басшысы істі назарсыз қалдыра алмайтынын жеткізді.

Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді», – деді Тоқаев.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button