Қоғам

Өскеменде жол ақысын төлеудің қосымша тәсілі енгізілді

Бүгіннен бастап Өкемен қаласында қоғамдық көлікте жол жүруді тіркеудің қосымша тәсілі іске қосылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұдан былай жолаушылар автобустарда орналасқан «ONAY!» QR-стикерлерді сканерлеу арқылы немесе көлік кодын енгізу арқылы Halyk және Kaspi банктерінің мобильді қосымшалары арқылы жолақысын төлей алады.

Жаңа қызмет түрі «ONAY!» сервистерін цифрландырудың екінші кезеңі шеңберінде енгізіліп, жол ақысын төлеудің қолданыстағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ, «ONAY!» көлік карталары бүрынғыдай виртуалды және бірыңғай стандартты тарифпен беріледі.

Төлемнің жаңа әдісін енгізу – қызмет сапасын арттырып, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін қолға алынған жоба.

Айта кетейік, Өскемен қаласында «ONAY!» төлем жүйесі 2025 жылдың сәуір айында іске қосылған болатын. Бір жылға жуық уақытта жүйе өзінің тұрақтылығы мен күнделікті пайдаланудағы ыңғайлылығын көрсетті. Осы уақыт ішінде әртүрлі санат бойынша – 74,5 мыңнан астам карта шығарылған.

Жалпы қалада «ONAY!» төлем жүйесін қолданатын 11 тасымалдаушы компания 51 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Олардың қарамағындағы 415 автобуста 853 көлік терминалы және 3,5 мыңнан астам «ONAY!» QR стикері орналасқан.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button