Басты жаңалықЭкономика

ШҚО-да биыл 70 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Жалпыұлттық инвестициялық пулды өзектілендіру және аймақтағы негізгі жобаларды сүйемелдеу мәселелері қаралды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Сурет ШҚО әкімдігінің ресми парақшасынан алынды

Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, бүгінде Жалпыұлттық инвестициялық пулда 62 жоба тіркелген. Оның 18-і пайдалануға берілген, соның ішінде техникалық іске қосылған жобалар да бар. Жалпы инвестиция көлемі 106 млрд теңгеден асады. Барлық жоба іске қосылғаннан кейін үш жыл бойы «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелденеді.

Сонымен қатар, өңірдің өнеркәсіптік ерекшелігін ескере отырып, негізгі драйверлер ретінде көп қаржы салуды қажет ететін және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар айқындалып отыр.

Сурет ШҚО әкімдігінің ресми парақшасынан алынды

Инвестициялық пулда:

  • өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешенінде 15 жоба (жалпы құны 632,6 млрд теңге),
  • агроөнеркәсіптік кешенде 11 жоба (36,7 млрд теңге) бар.
  • Техникалық іске қосу жобаның толыққанды жұмыс істей бастағанын білдірмейді. Өңір үшін басты нәтиже — нақты өнім шығару, тұрақты жұмыс орындарын ашу және бюджетке салық түсімдерінің түсуі.
Сурет ШҚО әкімдігінің ресми парақшасынан алынды

Қазір 44 жобаға шетелдік қаржы құйылып, жүзеге асырылуда Олардың ішінде жалпы құны 242,3 млрд теңгені құрайтын төрт жоба бар, бұл жобалардағы шетелдік инвестиция үлесі 127,3 млрд теңге. Атап айтқанда:

  • Германия инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын «Алатау Литий» ЖШС-нің литий өндіру және өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатының құрылысы;
  • Қытайлық инвестиция есебінен «Алтай Темір» ЖШС-нің Тишинск су қоймасын тазалау жобасы;
  • Самар ауданындағы «Кузьмич» ЖШС-нің балық өсіру кешенін кеңейту жобасы және басқа да бастамалар.
  • Инвестициялық штаб отырысында инвестициялық пулға енгізу үшін алты жаңа жоба қаралды. Олардың қатарында:
  • Глубокое ауданында мыс-мырыш кенін өндіру және өңдеу жобасы (Dengbo Success Minerals);
  • «Харвест Қазақстан» ЖШС-нің суармалы жерлерді айналымға енгізу жобасы (35 млрд теңге);
  • Өскемен қаласында «Aurora Residence» қонақүйінің құрылысы мен жаңа өндірістерді іске қосу;
  • Ұлан ауданындағы «Самал Тау» ЖШС-нің балық шаруашылығы кешені бар;

Инвестициялық штаб отырысында кейбір қалалар мен аудандардың инвестициялық жобаларды қалыптастырудағы белсенділігі жеткіліксіз екені айтылды. Атап айтқанда, Ұлттық деңгейдегі де, өңірлік пулда да бірқатар аумақтарда жоба мүлде жоқ.

ШҚО әкімі Н.Сақтағанов

Өз кезегінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов аудандарға инвестиция тарту мәселесі өзінің жеке бақылауында екенін, бұл бағытқа орталық мемлекеттік органдардың да ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

Жалпы биыл өңірге шамамен 70 инвестициялық жобаны тарту жоспарланып отыр. Ол үшін барлық қала және аудан әкімдерінің, салалық басқарма басшыларының белсенді жұмыс істеуі қажет екенін ескертілді.

Облыс әкімі тапсырмасына сәйкес, инвестициялық штаб отырысын айына 1-2 рет өткізу жоспарлануда.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button