Саясат

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Асқарбек Маратұлы бұған дейін де осы салада қызмет еткен. 2023 жылы аталмыш ведомствоның Көші-қон комитетінің төрағасы болды. Одан кейін бұрынғы министр Светлана Жақыпованың орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 2025 жылдың маусымында бірінші вице-министр болып тағайындалды.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Әр жылдары Президент және Премьер-министр әкімшілігінде қызмет етті.

Ал осы минситрлікті 2023 жылдың 2 қыркүйегінен батап басқарған Светлана Жақыпова Президент жарлығымен қызметінен босатылды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button