Басты жаңалықҚоғам
Өскемендік прокурор 20 тәулікке қамалды

Өскемен қаласы прокуратурасының прокуроры қызметінен босатылды. Сонымен қатар, «1-сыныпты заңгер» шенінен де айырылды.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, ол құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жазаланған.
В.Б. Пан Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Қарақастың Байымы