Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Ұлан ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Аудан прокуратурасы мұрындық болған жәрмеңке жергілікті әкімдік бөлімдері, пробация қызметі, полиция, жеке сот орындаушылары және Мансап орталығының бірлесуімен ұйымдастырылды. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясындағы шара қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталып отыр.

Жәрмеңке бұрын сотталған, пробация қызметі мен полиция органдарының бақылауында тұрған азаматтарға, алимент бойынша берешегі барларға, NEET санатындағы жастарға және тұрақты жұмыс орны жоқ аудан тұрғындарына арналды. Оған 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, түрлі қызмет салалары бойынша 250-ге жуық жұмыс орнын ұсынды. Келгендер сол жерде жұмысқа орналасу және оқыту мәселелері бойынша кеңес алып, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Шара қорытындысы бойынша шамамен 80 адам жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Алдағы уақытта қажетті құжаттарды рәсімдеу және үміткерлерді нақты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Minut.kz



