Басты жаңалықҚоғам
Өскеменде мерзімі өткен тауар сатылғаны жайлы ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде Өскемендегі «Magnum» супермаркеттер желісінде мерзімі өтіп кеткен өнімдердің жаппай сатылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушылар назарына арнайы іс-қимыл алгаритмін ұсынды.
Санитарлық ережелердің бұзылғанын анықтаған азаматтар тиісті құзырлы органға Е-өтініш базасы арқылы жүгінуге құқылы. Өініш иесінің дәлелді негіздері мен растаушы айғақтары болуы шарт.
Департамент өкілі санитарлық талаптардың бұзылу фактілері растылған жағдайда нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Қарақастың Байымы