Басты жаңалықҚоғам

Қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 110 іс тіркелді

ҰҚК 2026 жылғы қаңтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Комитет баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 110-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысты.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға байланысты болған.

  • 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды.
  • 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121 сотқа жіберілді.
  • Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 18 млрд теңгені құрады, бюджетке 100 млн теңгеден астам қайтарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button