Басты жаңалықҚоғам

Әділетті, қауіпсіз әрі таза Қазақстанды құру – баршаның ортақ міндеті

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында Конституциялық реформаларға қолдау көрсетілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жаңа Конституция жобасы туралы айтты.

Әкімнің сөзінше, жаңа Конституция жобасы қоғамның сұранысы мен заман талаптарына сай әзірленген, мемлекеттің құқықтық негіздерін жаңғыртуға бағытталған, жаңа мазмұн мен мағынаға ие маңызды құжат. Ата Заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітілген. Ұсынылып отырған жобада Кіріспе, 11 бөлім және 95 бап бар.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылып, оған 130 адам кірген болатын. Олардың қатарында жерлестеріміз — облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков пен қоғамдық кеңес төрағасы Аяужан Әшімова да бар. Ата Заңға өзгеріс енгізу — мемлекет негізіне және қоғамдық келісімге тікелей қатысты маңызды мәселе. Сондықтан жиын жабық «тар шеңберде» емес, ашық әрі жария форматта өтті, – деді аймақ басшысы.

Жиын барысында облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков жаңа Конституция жобасының кей баптарына тоқталып өтті. Ал өңірлік қоғамдық кеңес төрағасы Аяужан Әшімова Конституциялық комиссия қызметінің ашықтығын арттыру үшін тиісті шаралар қабылданғанын жеткізді.

Конституциялық комиссия барлық түскен ұсыныстар мен талқылаулар негізінде өзара келісілген және Конституция мәтініне енгізілген түзетулердің жинақталған жобасын дайындады. 77 бапқа түзету енгізілді, бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайды. Осылайша өзгерістер мен толықтырулар Негізгі заңның барлық бөлімін қамтыды, – деді ол.

Жиналыс соңында Нұрымбет Сақтағанов Отанымызды көркейту, заң мен тәртіп үстемдік құрған, әділетті, қауіпсіз әрі таза Қазақстанды құру — баршамызға ортақ міндет екенін айтты.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button