Қоғам

ҰҚК ұйымдасқан қылмысқа қарсы арнайы операция өткізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Комитет баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, операция ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен өткен. Мақсат – қару-жарақты өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөлікті заңдастыру, сондай-ақ өзге де қылмыстардың жолын кесу.

Іс-шаралар бір мезгілде Алматы; Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілді. Нәтижесінде 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button