Басты жаңалықҚоғам

Риддерде үстіне мұз құлаған әйел ауруханаға түсті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көпқабатты үйдің шатырынан құлаған мұз 76 жастағы кейуананың үстіне құлады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін таңертең Тәуелсіздік даңғылында орналасқан 12-үйдің жанында болған. Төбеде қатқан мұз әйел адам іргеден өтіп бара жатқан кезде құлаған. Жағдайды терезеден байқап қалған сол үйдің тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, көмек көрсеткен.

Куәгердің айтуынша, үйдің дөдегесіне қатқан мұз бен жиналған қар көп. Жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті көрінеді.

Ал зардап шеккен адам Риддер қалалық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, миы шайқалып, дене жарақаттарын алған.

Айта кетейік, төбеде қатқан мұздан қауіп Өскеменде де бар. Облыс орталығындағы үйлердің бірінің шатырынан құлаған мұз сол маңдағы көліктің үстіне түскен.

Жалпы өңірде соңғы уақытта күн-райы құбылып тұр. Қаңтардағы қатты аяздан кейін, қалың қар жауып, боран соқты. Кейін күн күрт жылып, жаңбыр жауды. Салдарынан көктайғақ болып, қазір адамдардың жүріп тұруына қолайсыздық тудыруда.

Қауіпсіздің үшін бүгін Өскемендегі 9-сыныпқа дейінге оқушылардың сабағы онлайнға ауыстырылды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button