Қоғам

Референдум: 14 наурыз – Тыныштық күні

Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

  • Оған сәйкес, 12 ақпаннан бастап 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізіледі.
  • 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, референдум учаскелері шекарасы туралы мәлімет жарияланады.
  • 22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізім ұсынылады.
  • 27 ақпан – 4 наурыз аралығында азаматтар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
  • 12-14 наурызда учаскелерге бюллетеньдер жеткізіледі.
  • 14 наурыз – Тыныштық күні.
  • 15 наурыз – Дауыс беру күні.

Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, референдум өткізуге 20,8 млрд теңге қажет. Бұл қаражаттың шамамен 75 пайызы жалақыға жұмсалады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button