Басты жаңалықСпорт

Шығыста әдеп бұзған әкімдік қызметкерлерінің әрекеті тексерілуде

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ақпарат таратты.

«Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қатысқан жиналыста түсірілген видео бойынша келесіні хабарлаймыз: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті этикалық кодекс талаптарының бұзылуы фактісі бойынша тәртіптік іс қозғап, қызметтік тексеру бастады. Соның нәтижелері ШҚО Әдеп жөніндегі кеңесте қаралады. Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тағы қосымша ақпараттар түскен кезде хабарлап отырамыз» – делінген, бізге жеткен мәтінде.

Айта кетейік, бұған дейін облыстағы спорт саласына қатысты өткен онлайн жиналыстың бейнежазбасы тарап, онда әдепсіз сөздер айтылғаны туралы жазылған болатын.

Қарақастың Байымы

Басқа жаңалықтар

Back to top button