Басты жаңалықСпорт
Қазақстандық құсбегілер «Азия чемпионатында» топ жарды

Дүниежүзілік «Бүркітшілер тойында» бүркітші Тәттімбет Кәпұлы 3-орын, Арман Қошқаров 2-орынды иеленді. Қазақстан намысын қорғаған құсбегілер Моңғолия Республикасына арнайы барып, III Азия чемпионатына қатысқан болатын.
Байрақты бәсеке Баян-Өлгей аймағында өтті. Биылғы чемпионатқа 60-тан астам құсбегі қатысып, бүркітті «қолға шақыру», «шырға тарту» секілді сайыстармен сынға түсті.
36 жылдық тарихы бар бұл халықаралық сайыс Моңғолияның мәдени брендіне айналған. Оған жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист пен бүркітшілер қатысатын ерекше мереке.
Жанель Жанболатқызы