Қоғам

Газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

Бүгін Ақмола облысы ауруханасында Щучинскідегі газ жарылысынан зардап шеккен науқастардың бірі қайтыс болды. Бұл ақпаратты өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Көкшетау қаласындағы ауруханада үш науқастың жағдайы ауыр, біреуінің жағдайы аса ауыр деп бағаланған. Тағы төрт адам Щучинск қаласында ем қабылдап жатқан.

Еске салайық, 26 ақпанда түнде Щучинскідегі бесқабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан «Центр плова» дәмханасында газ жарылып, артынша өрт шыққан. Жарылыстан осыған дейін жеті адам қаза тапқан болатын.

Жалпы 28 адам зардап шегіп, оның 13-і түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға жатқызылған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button