Саясат
Тоқаев қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Тоқаев стратегиялық нысандар қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ өңір әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандардың қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Атап айтқанда, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым нысандары ерекше бақылауға алынуы тиіс. Сонымен қатар әуежайлар, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздігін күшейту міндеті қойылды.
Бұл жұмыстарды үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.
Minut.kz



