Басты жаңалықҚоғам

Референдум күні Өскемендегі қоғамдық көліктер тегін жүреді

15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға орай, Өскемен қаласының барлық тұрғындары үшін қоғамдық көліктерде жол жүру тегін, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл бастаманы қаладағы жолаушы тасымалдаушы компаниялар көтеріп, мемлекет үшін маңызды шараға өз үлестерін қосу үшін ұйымдастыруда.

Яғни, олар алда тұрған саяси оқиғаның маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ, ел Президенті жүргізіп жатқан реформаларды қолдау мақсатында осындай шешім қабылдаған.

Тасымалдаушылардың айтуынша, бұл акция азаматтық жауапкершіліктің белгісіне айналып, осы күні сайлау учаскелеріне барып, өз азаматтық ұстанымын білдіретін Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін жақсы үлгі болады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button