Қоғам

Кембағал жандар да таңдау жасаудан кеш қалмады

Бұл күні саяси науқанға қатысушылардың арасында ерекше жігер иесі, қала тұрғыны Марат Кузарканов болды. Он сегіз жылдан бері арбаға таңылғанына қарамастан, ол өзгенің көмегіне сүйенбей, №9 орта мектепте орналасқан учаскеге жеке өзі келді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Менің үйім осы мектепке жақын. Сондықтан ешкімнің көмегінсіз өзім келдім. Еліміздің болашағына бейжай қарай алмаймын. Азаматтық міндетімді орындауды жөн көрдім. Сайлау учаскесінде біз сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған екен. Пандустар сай, кедергі жоқ. Зағип жандарға да жағдай жасалыпты. Мұндағы қызмет көрсетіп жүрген азаматтарға алғысымды айтамын. Есіктен кіргеннен көмектесіп, қолдарынан келгенді аяп қалмады, – деді Марат Құзарханов.

Арбаға таңылған азаматтың бұл қадамы – денсаулығына қарамастан, ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі болды деуге болады.

Қаладағы №69 референдум учаскесінде сайлаушыларды тек дауыс беру парақтары емес, ыстық бауырсақ пен ұлттық нақыштағы ерекше атмосфера да күтіп алды. Мектеп асханасында арнайы пісірілген 300-ден астам бауырсақ келушілерге тегін таратылуда.

Ұйымдастырушылар сайлау учаскесін жай ғана дауыс беру орны емес, мәдени орталыққа айналдырған. Залдың қақ төріне тігілген қазақы киіз үй мен арнайы фотозоналар тұрғындардың сүйікті орнына айналды. Әсіресе, ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар киіз үйдің ішіне кіріп, естелікке суретке түсіп, ризашылықтарын білдірді. Комиссия мүшелерінің өздері де ұлттық нақыштағы оюлы камзолдар киіп, мерекелік көріністі толықтырып тұр.

Жастар да алғашқы қадамын жасады. Жасөспірімдер үйінің 26 тәрбиеленушісі үшін тарихи сәт болды. Енді ғана кәмелет жасына толған жастар өмірлерінде алғаш рет дауыс беріп, саяси таңдау жасады. Учаске комиссиясының төрағасы, мектеп директоры Елена Мартыневская жастардың бұл қадамын жоғары бағалап, оларға «Қазақстан» шоколадтары мен шағын сыйлықтар табыстады.

Елена Мартыневскаяның айтуынша, тұрғындардың белсенділігі өте жоғары:

  • Тіркелген 250 сайлаушының терттен бір бөлігі таңертеңгі уақытта-ақ өз таңдауын жасап үлгерген.
  • Учаскеде бақылаушылар мен комиссия мүшелері процестің ашық әрі заң аясында өтуін қатаң қадағалап отыр.
  • Өскемендегі бұл учаске референдумның тек саяси шара емес, ел бірлігі мен берекесін паш ететін нағыз халықтық той екенін дәлелдегендей.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button