ШҚО халқының 86,42 пайызы дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясы барлық дауыс беру учаскелеріндегі дауыс беру мен есептеудің алдын-ала мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Комиссия мәліметінше, Қызылорда облысы көш бастап, дауыс берушілердің 93 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Одан кейін Ақтөбе облысы 87,05 пайыз. Үздік үштік тізімін Шығыс Қазақстан облысы 86,42 пайызбен қортындылап тұр.
Қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес референдум учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау сәтіненен бастап 12 сағаттан аспауы тиіс. Аумақтық комиссиялар орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын-ала есептеулер туралы мәліметтерді берді.
Орталық референдум комиссиясының мәлімдеуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комисссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың келуі төмендегідей:
- Абай облысы 75,45 %
- Ақмола облысы 79,82 %
- Ақтөбе облысы 87,05 %
- Алматы облысы 71,46 %
- Атырау облысы 74,04 %
- Батыс Қазақстан облысы 68,94 %
- Жамбыл облысы 85,06 %
- Жетісу облысы 78,49 %
- Қарағанды облысы 84,30 %
- Қостанай облысы 81,21 %
- Қызылорда облысы 93,04 %
- Маңғыстау облысы 77,89 %
- Павлодар облысы 75,51 %
- Солтүстік Қазақстан облысы 70,52 %
- Түркістан облысы 84,03 %
- Ұлытау облысы 73,15 %
- Шығыс Қазақстан облысы 86,42 %
- Астана қаласы 60,36 %
- Алматы қаласы 33,43 %
- Шымкент қаласы 75,82 %.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 % құрады. Референдумның алдын ала қорытындылары арнайы хабарланатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады.
Minut.kz



