Қоғам

Шетелдегі 12740 Қазақстан азаматы дауыс берді

Референдумда 54 елде дауыс берген шетелдегі Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12740 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 88,6% келуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, шетелде 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істеген. Қазір сол барлық референдум комиссиялары өз жұмысын толық аяқтаған.

Айта кетейік, ең алғашқы болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастаған болатын. Одан кейін Қытайда жаңа Конституция бойынша республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды. Олар Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай, Сиань және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарында дауыс берген азаматтар үшін жұмыс істеді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button