Басты жаңалықҚоғам
Шығыстықтар Астанада жәрмеңке ұйымдастырады

Қазанның 11-12-сі күндері Астана қаласында жәрмеңке өтеді. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.
Жәрмеңкеге өңірдің 12 ауданының шаруа қожалықтары мен 20-дан астам кәсіпорны қатысып, сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін ұсынбақ. Атап айтсақ, елордалықтар ет, сүт өнімдері, бал, көкөніс және басқа да тағам түрлерін нарықтағы бағадан 10–20% төмен сатып ала алады.
Ол үшін 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі 10-қазан күні Шығыс Қазақстаннан арнайы керуенмен жеткізіледі. Өтетін орны: Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайы.
Жанель Жанболатқызы