Басты жаңалықҚоғам
Өскемен Гиннес рекордтар кітабына енбек: 3000 домбырашы жиналады

Өскеменде Наурыз мейрамында ерекше тарихи оқиға орын алмақ. Қала тұрғындары мен қонақтары Guinness World Records рекордын жаңартуға ниетті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Домбырашылар 22 наурыз күні Өскемен қаласы, Республика алаңында сағат 09:00-де жиналады. Мақсат – 3000 адамның қатысуымен домбырада Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін орындап, рекорд орнату.
Бұл шара Өскеменнің атын әлемдік деңгейде танытып, қатысушылардың есімін тарих бетінде қалдыруға мүмкіндік береді.
Оған дейін 21 наурыз күні Республика алаңында сағат 15:00-де үлкен репетиция өтеді.
Тарихи сәттің бір бөлшегі болғыңыз келсе, Öskemen Creative (@oskemen_creative_) парақшасындағы профиль сілтемесі арқылы тіркелу қажет.



