Қоғам

Өскеменде 21 наурыз күні жәрмеңке өтеді

21 наурыз күні облыс орталығында мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерінен бөлек, наурызкөжеге қосатын заттарды тиімді бағада ала алады.

Жәрмеңке әдеттегідей “Алтай” көтерме-тарату орталығында (Жібек Жолы көшесі, 44 мекенжайында) таңертең 08.00-ден 15.00-ге дейін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button