Қоғам

Шығыста 36 миллион түп көшет егіледі

Шығыс Қазақстан облысында алдағы екі жылда 36 миллион түп көшет отырғызылады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов

Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде 2026-2027 жылдары 7 мың гектардан астам аумаққа 36 млн дана көшет отырғызу көзделген. Биыл 3,3 мың гектар аумаққа 17,5 млн көшет отырғызылады, – деді аймақ басшысы.

Қазіргі уақытта облыстағы 26 тұқымбақта 7,3 млн дана көшет бар. Отырғызу материалдары тапшылығы мәселесін шешу үшін осы жылы қосымша көшеттер сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ күз кезінде жапырақты ағаш түрлері егіледі. Ал қарағаш тұқымын себу көктемде жүргізіліп, кейін оны өсіріп, күзде отырғызу көзделіп отыр.

Орман шаруашылықтарын өз отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында биыл Верх-Уба орман шаруашылығында жабық тамыр жүйесі кешенін салу жоспарлануда. Алдағы уақытта осындай жобалар облыстың басқа орман шаруашылықтарында да жүзеге асырылады, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы елді мекендердің аумағына 15 миллион түп ағаш отырғызу жөнінде тапсырма берген. Бүгінгі Үкімет отырысында бұл тапсырманың алдын ала орындалғанын ҚР ЭТРМ Орман және өсімдіктер әлемін өндіру және пайдалану басқармасының басшысы Азамат Әбуов айтты. Аталған жұмыс «Таза Қазақстан» бастамасы аясында одан әрі жалғасатын болады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button