Қоғам

Көші-қон заңын бұзғандарға 200 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Ішкі істер министрлігі жүргізген “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шара барысында шетел азаматтары жасаған көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше:

  • 4,1 мың шетелдік елде болу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
  • 2,7 мың шетел азаматы заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды;
  • 2,2 мың қазақстандық пен заңды тұлға шетелдіктер туралы полицияны уақытылы хабардар етпегені үшін жауапкершілікке тартылды;
  • 500-ден астам жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды;
  • Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 200 млн теңгеден асты;
  • 1,5 мың шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылды;
  • 121 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды, оның ішінде 8-і деструктивті-радикалды ағым өкілдері. Елден шығарылған барлық шетел азаматына Қазақстанға 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды;
  • 24 қылмыстық іс қозғалды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button