Қоғам

Катонқарағай ел бойынша ең таза өлке болмақ

Туристік аудан ауаға мүлде зиянды шығарындылар тарамайтын алғашқы мекенге айналады

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде Катонқарағай ауданын дамыту жайы талқыға салынған жиын өтті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров және Aitas холдингінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында аудан әкімдігі мен Aitas холдингі бірлесе әзірлеген Катонқарағайды дамытудың стратегиялық құжаты ұсынылды.

Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Облысты дамыту мақсатында жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, барынша жағдай жасауымыз керек. Катонқарағай тек қазақстандық емес, шетелдік туристер көптеп келіп, таңқалып, айналасындағыларға жарнамалап айтатындай мекенге айналуы тиіс, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Өңірдің туризм саласын дамытуға жергілікті кәсіпкерлер қарқынды тартылып жатыр. Aitas холдингі Катонқарағайдан бөлек, Ұлан және Шемонаиха аудандарында жұмыс істеуді көздесе, Риддер қаласы, Үлкен Нарын, Марқакөл және Күршім аудандарына басқа бизнес өкілдері де қаражат құймақ.

Еске салсақ, жуырда ШҚО әкімін қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын дамытуды жалғастыруды тапсырған болатын. Бұл мақсатта облыс әкімдігі кәсіпкерлермен бірлескен жұмысты күшейтіп жатыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button