Қоғам

Жертөле мен паркинг паналау орны болмақ

Жертөлелер мен паркингтер төтенше жағдай кезінде паналау орны болмақ, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, бұл норма азаматтық қорғаныс жүйесін күшейту үшін енгізілуде. Яғни соғыс немесе төтенше жағдай кезінде адамдар жасырынатын орындар алдын ала анықталып, дайын болуы тиіс.

Атап айтқанда, көпқабатты үйлердің жертөлелері мен жер асты автотұрақтарын арнайы талаптарға сай жабдықтау қарастырылады. Олар қауіпсіздік, желдету және қолжетімділік талаптарына сәйкес келуі керек.

Мамандар бұл бастама халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Көптеген елдерде дәл осындай нысандар халықты қорғау үшін пайдаланылады деп пайымдайды.

Яғни алдағы уақытта жертөле мен паркинг тек техникалық орын емес, қажет жағдайда адамдарды қорғайтын қауіпсіз аймаққа айналуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button