Басты жаңалықҚоғам
Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері онлайн жұмысқа ауысты
Бүгін Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта әкімдік ғимаратын тәртіп сақшылары қоршап тұр. Ешкімді кіргізбейді. Оқиға орнында криминалистер мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, кеше кешкі сағат 8-дің шамасында ғимаратта өрт шыққан болатын. қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Minut.kz



