«Әл-Фараби» ордені алғаш рет Республика күні тапсырылады
Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді.
Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.
Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.
Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.
«Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы.
Minut.kz



