Басты жаңалықЭкономика

Ірі қара етін экспорттау уақытша шектеледі

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағынан ірі қара малдың (сиыр етінің) етін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйырық жобасын әзірледі.

Бұйырық мәтінінде: Қазақстан Республикасының аумағынан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ірі қара мал етін (сиыр етін) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары: 0201 — ірі қара мал еті, жаңа сойылған немесе салқындатылған және 0202 — ірі қара мал еті, мұздатылған) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген, — делінген.

Құжат биылғы жылдың 22-қазанына дейін көпшілік талқылауына шығарылған. Құжат 2025-жылғы 29-тамыздағы Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде әзірленген.

Айта кетейік, бұған дейін Сауда министрі сиыр етіне көрші елдерден сұраныс жоғары екенін айтқан болатын.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button