Басты жаңалықҚоғам

Зайсан қаласының әкіміне айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының әкіміне миллион теңге айыппұл салынды. Шаһар басшысының әкімшілік жауапқа тартылуына – қаладағы қоқыс мәселесі себеп болған. Егер шенеунік заңмен белгіленген қысқа мерзім ішінде төлем жасаса, мемлекет қазынасына 540 мың теңге төлеуі тиіс, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Айыппұлдың арқауы – заңсыз жұмыс істеген қоқыс полигоны. Белгілі болғандай, қаланың бас полигоны тұтас бір жыл бойы ешқандай экологиялық рұқсатсыз пайдаланылып келген. Тексеріс кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтауға қойылатын ең қарапайым талаптардың өзі аяққа тапталғаны анықталды. Жұмысты жүйелеудің орнына, экологиялық нормаларды елеусіз қалдырған әкім енді өз қалтасынан өтемақы төлеуге мәжбүр. Әкім орынбасарының айтуынша, соңғы бір жылда қоқыс нысанын қарауына алып, халқыпен жұмыс істейтін кәсіпкер табылмаған.

Ескертпелер берді. Ұсыныстар берілді. Ұсыныстарға сәйкес біздер алдағы уақытта мердігер мекемені анықтап, жұмыстарын жүргізетін боламыз, – деді Зайсан қаласы әкімінің орынбасары Сымбат Бақбаев.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button