Басты жаңалықДенсаулық

Дәрігерлер «өлілерді» емдеп, «ер адамдарды» гинекологқа жазған

Павлодар қаласының прокуратурасы МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіндегі сорақы заң бұзушылықтардың бетін ашты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, медициналық мекемелер қағаз жүзінде «өлі жандарды» емдеп, мемлекет қаржысын оңды-солды жұмсап келген. Невропатолог, кардиолог, хирург және психолог мамандары қайтыс болған адамдарды «қабылдап», оларға қызмет көрсеткені туралы есеп берген.

Акушер-гинеколог мамандары ер адамдарға кеңес берді деп құжат толтырылған. Сонымен қатар, бір қызметті екі рет көрсету арқылы бюджеттен екі есе ақша алу жағдайлары жүйелі түрде тіркелген.

Қаржылық айла-шарғыдан бөлек, халықтың денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жайттар да әшкереленді. Атап айтқанда, тиісті маман сертификаттары мен рұқсат құжаттары жоқ тұлғалардың тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп келгені анықталды.

Қадағалау актілері бойынша заң бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 миллион теңгеден астам сомаға келтірілген залал өтелді.

Одан бөлек, 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button