Қоғам
ШҚО-да құжатсыз ет тасығандар ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз ет тасығандар ұсталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Заңды бұзғандар Ұлан ауданы аумағындағы автожолда қолға түсткен. Олардың көлігінен 6 ірі қараның еті және 3 бас қой шыққан. Еттің нақты қайдан екені туралы және оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ешқандай ілеспе құжат болмаған. Бұл санитарлық талаптарды өрескел бұзу, әрі адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Жалпы соңғы күндері аталған аудандағы түрлі жолдан ветеринариялық-санитарлық қағидаларды бұзған 9 факт анықталды. Барлық деректер бойынша материал ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (ветеринариялық-санитарлық қағидаларды бұзу) бойынша шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.
Minut.kz



