Басты жаңалықСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз!

Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық самитте сөйлеген сөзінде осылай деді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Таразы басында адамзаттың, ең алдымен, өскелең ұрпақтың болашағы тұр. Бұл – жай ғана экологиялық мақсат емес, керісінше, адами парыз, экономикалық қажеттілік, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатындағы стратегиялық басымдық, – деді Президент.

Осы орайда орнықты келешек қалыптастыруда мынадай негізгі қағидаттарға арқа сүйеген жөн:

  • халқымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік;
  • шекара мен шектеуге бөлінбейтін ынтымақтастық;
  • ресурстарға, технологиялар мен мүмкіндіктерге теңдей қол жеткізетін әділеттілік;
  • нәтижесі көзге көрінетін нақты шаралар;
  • ауқымы мен даму деңгейіне қарамастан елдер арасындағы бірлік.
Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісім қабылданады. Бұл біздің аталған қағидаттарды берік ұстанатынымызды және аймақтық экологиялық серіктестікті нығайтуға қадам басқанымызды дәлелдейді.

Бүгінгі талқылаулардың мазмұнды әрі бірлескен нақты бастамаларға негіз болатынына сенімдімін. Осылайша, халықтарымыздың игілігіне қызмет ететін баянды болашақтың іргесін қалаймыз, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Айта кетейік, самитте Қасым-Жомарт Тоқаев мүдделі халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды. Одан өзге су қауіпсіздігі мен экология сынды өзге де мәселелерге тоқталды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button