Сарбаздарға смартфон қолдануға рұхсат берілді
Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға смартфон қолдануға ресми түрде рұқсат берілді. Бұл өзгеріс Қорғаныс министрінің 2026 жылғы бұйрығымен енгізілді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жаңа ережеге сәйкес, әскери қызметшілер телефонды өздерімен бірге әкеліп, казармаға дейін алып кіре алады, бірақ құрылғы өшірулі күйде болуы тиіс. Смартфонды тек жеке уақытында және бөлімше аумағында ғана пайдалануға болады.
Сондай-ақ телефонды әскери госпитальдар мен медициналық бөлімшелерде қолдануға рұқсат етілген. Ал нақты пайдалану уақыты мен тәртібін бөлім командирлері белгілейді.
Бұған дейін сарбаздарға тек батырмалы телефон қолдануға ғана мүмкіндік берілген еді. Жаңа өзгерістер әскери қызметтің тұрмыс жағдайын жақсартып, сарбаздардың жақындарымен байланысын жеңілдетуге бағытталған.
Minut.kz



