Басты жаңалықҚоғам

Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Күдіктілер 82 млн теңге залал келтірген

Бағалы металдарды заңсыз өндіргендер Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде қолға түсті — деп хабарлады, Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ұстау операциясын агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД бірлесіп жүргізген. Нәтижесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегі әшкереленді.

«Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен. Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты», — деді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі.

Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленген. Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.

Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button