Басты жаңалықБілім

Мектеп түлектерінің той жасауына тиым салынды

Биыл Шығыс Қазақстан облысында мейрамханадағы мектеп бітіру кештеріне үзілді-кесілді тыйым салынды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Өңірдегі 11-сынып түлектері ас та төк жиындар мен қымбат кештер өткізбейтін болды. Ақша жинау мен мұғалімдерге бағалы сыйлық жасау үрдісіне де тосқауыл қойылды. Салтанатты шара тек білім ордасының қабырғасында, ресми форматта ғана өтеді

Жалпы облыстағы 354 мектептің қабырғасынан биыл 14 мыңнан астам түлек ұшқалы отыр. Оның 5 мыңнан астамы 11-сыныпты, 9 мыңға жуығы 9-сыныпты тәмәмдаушылар. Бірақ биылғы мектеп бітірудің жөні мүлдем өзгеше. Сән-салтанат жарысы, қымбат көліктер мен мейрамханадағы ысырапшылыққа орын жоқ.

Қазір облыста Оқу-ағарту министрлігінің талаптарына сай арнайы қаулы әзірленіп жатыр, ол таяу күндері күшіне енбек.

Бұлбұл Қозыбаева ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары

Бұның негізгі мақсаты – бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «заң мен тәртіп» идеологиясын ары қарай ілгерлету және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау болып табылады – деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Бұлбұл Қозыбаева.

Қазір ата-аналар мен оқушылар тарапынан түсінбеушілік тумас үшін, білім басқармасының қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button