Экономика

Мәжіліс Үкіметтің ұсынған республикалық бюджет жобасын қабылдады

2026 жылы бюджет кірісі 3,6 трлн теңгеге ұлғаяды. Бұл 1-ші қаңтарда күшіне енетін Салық кодексінің арқасында мүмкін болмақ.

2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5% деңгейінде, ал 2028 жылға қарай ол 0,9%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Әлеуметтік бағытқа 2026 жылы 10,7 трлн теңге бөлінбек. Оның ішінде әлеуметтік төлемдерге 6,8 трлн теңге, адами капиталға 3,9 трлн теңге қарастырылған.

Жалақының ең төмен мөлшерi — 85 мың теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 35 596 теңге;

Зейнетақының ең төмен мөлшерi — 69 049 теңге;

Айлық есептiк көрсеткiш — 4 325 теңге;

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеуге қажетті ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы — 50 851 теңге.

Күш құрылымдарына 3 жылда 3 трлн теңге бөлінеді.

Алдағы үш жылда өңірлерді дамытуға 581 млрд теңге қарастырылған.

Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн 770 млрд теңге алып отыру көзделген.

Донор өңірлер алдағы үш жылда республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге бөледі. (Үш жылдан кейін Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары донор өңірге айналуы мүмкін).

Экономикалық өсім — 5,3%, инфляция — 6%

Үкімет ұсынған үш жылдық бюджет жобасын Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан 96 депутаттың 94 жақтап дауыс берсе, 2 депутат қалыс қалды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button