Басты жаңалықБілім
Розетка – «тоқұя», кондиционер – «ауабап»

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты күнделікті қолданыстағы шетелдік атауларға қазақша балама табуға арналған республикалық байқаудың қорытындысын жариялады. Шараның басты мақсаты – ана тіліміздің сөздік қорын байыту, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған нұсқалардың ішінде Ақмарал Серікбаева жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орындар бірнеше қатысушыға бұйырды. Тұрмыстық заттардың жаңа қазақша баламалары:
- Розетка – тоқұя
- Кондиционер – ауабап, самалдатқыш, ауа баптағыш, ауалеп
- Домофон – үнқақпа, шақырауық, есік қоңырауы, үйсыңғыр, үнді, үнқат
- Удлинитель – тоқсым, ұзартоқ
- Грильница – тортаба, қақтақ, қақтағыш
- Раковина – шұңғылтас, қолжуғыш, шұңғылша
- Контейнер – асқорап, ассауыт
- Термокружка – термоқұты, күйсақтар
Басқа да тұрмыстық атаулар:
- Кресло – арқажай, отырғы
- Жалюзи – күнүзік, күнқағар, күнперде, шапақ, айқара
- Комод – толапша, суырма, кебеже, қаршы
- Простыня – жабын
- Пододеяльник – көрпеқап, көрпетыс, сейсеп
- Одеяло – күрбік, көрпе, жамшы
- Тумбочка – жандықша, қобди, тартпа
- Миксер – шайқауыш, бұлғауыш, араластырғы
- Соковыжималка – сығын, шырынсыққыш, шырынсыққы
- Отпариватель – буүтік, buсап
- Мультиварка – тоққазан, пісқазан
- Мантоварка – буқазан, қасқан
- Плед – ораш, жамылғы
- Вытяжка – ауалық, ауасорғы
- Шлагбаум – тоссырық, аласырық, тоспа, жолтосар
- Фольга – үлдір, жұқалтыр
- Дуршлаг – сүзгіш
- Терка – үгітек, үккіш
- Косяк – жақтау
- Карниз – сырық
- Плинтус – жиек
- Гардина – желпіше
Сізге қай атау көбірек ұнады? Күнделікті өмірде қолданар ма едіңіз?
Minut.kz



