Басты жаңалықЭкономика

Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданының егіс алқаптарын аралады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Аудан экономикасының 60 пайыздан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы саласы биыл да жоғары даму қарқынын көрсетіп отыр, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Фото ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды

Аймақ басшысы сапар барысында өңірдегі бірқатар ірі агроқұрылымдардың тыныс-тіршілігін көрді. Сапар бағдарламасы Украинка ауылындағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Украинское» ЖШС-нен басталды. 30 жылға жуық тарихы бар шаруашылықтың басты ерекшелігі – суармалы жерлерді белсенді пайдалануында.

Қожалықтың 5 мың гектар егістік және 9,5 мың гектардан астам жайылымдық жер бар. Техникалық әлеуеті де зор. 193 ауыл шаруашылығы техникасы және Лебяжинск суару жүйесіне қосылған 6 заманауи жаңбырлатып суару құрылғысы бар.

Фото ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды

Мұндай жүйе әсіресе аптап ыстық кезінде өте қолайлы. Су егістік алқабына біркелкі беріледі, ал техника тұрақты жұмыс істейді, – дейді суару станциясының аға операторы Николай Пикулин.

Облыс әкімі сапарын одан әрі Донское ауылындағы «Ертіс» ЖШС (биылғы егіс көлемі 3 мың гектар) және Таврия ауылындағы майлы дақылдарға маманданған «Изумруд» шаруа қожалығында жалғастырды.

Фото ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды

Жұмыс сапары Каменка ауылындағы ірі тауар өндірушілер – «Қайрат» ШҚ мен «Каменское SP» ЖШС қызметін танысумен қорытындыланды. «Каменское SP» кәсіпорнының иелігінде 15 мың гектардан астам жер бар, мұнда бидай, арпа, күнбағыс пен жүгеріден бөлек, мал азығы үшін судан шөбі де өсіріледі.

Фото ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды

Ұлан ауданының аграршылары өндіріс көлемін арттырумен қатар, заманауи технологияларды енгізуге көшкен. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының басты негізі – суару жүйелерін дамыту, техниканы жаңарту және мал азығы базасын күшейту екенін қадап айтты.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button