Қоғам
ШҚО-да 28 мамыр күні дабыл жүйесі тексеріледі

28 мамыр күні республикалық «Өрт-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шығыс Қазақстан облысында халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өңір тұрғындарынан сабыр сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауды сұрайды.
Тексеру барысында сиреналық-дауыс құрылғылары қосылып, теле және радиоарналарды уақытша үзу арқылы хабар таратылады, – делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Егер сирена дыбысын естісеңіз:
- теледидар немесе радионы дереу қосу;
- ШҚО ТЖД-ның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларын бақылау;
- «112» қызметінен келетін SMS-хабарламалар мен ескертулерге назар аудару қажет.
Жалпы дыбыстық сигналы төтенше жағдай қаупі төнгенде немесе төтенше жағдай туындағанда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Аяулым Әділқызы



