Экономика
Қазақстан жаһандық туризм индексінде 52-орынға көтерілді

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық индексінде 119 елдің ішінен 52-орынға жайғасты. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұған дейін еліміз бұл рейтингте 66-орында болған еді. Министрліктің ендігі мақсаты – үздік елу елдің қатарына кіру.
Еліміздегі қонақүйлер мен демалыс орындарының саны 4,5 мыңнан асқан. Ал олардың қызметіне жүгінген туристер саны 12%-ға артып, 10 миллионнан асты.
Сонымен қатар, инвестиция тарту саласы бойынша да белсенді жұмыс жүргізілген. 2025 жылы туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1 триллион 254 млрд теңгені құрады.
Аймөлдір Қарқын, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы



