Қоғам

Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

30 мамыр күні Өскемен қаласында жергілікті өнімдердің үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл жолы да тұрғындар мен қала қонақтары үшін ең балғын әрі сапалы тауарлар қолжетімді бағамен ұсынылмақ, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жәрмеңке таңғы 08:00-ден күндізгі 15:00-ге дейін жалғасады. Сауда қатарлары қаланың екі нүктесінде ашылады. «Алтай» көтерме-тарату орталығы мен «Дос-Нар» сауда үйінің аумағы.

Отандық өндірушілер мен шаруа қожалықтары жәрмеңкеге азық-түліктің кең таңдауын әкеледі. Сиыр, жылқы, қой және доңыз еті, сондай-ақ түрлі шұжықтар. Халықтың күнделікті тұтынатын тауарлардан сүт тағамдары, жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері. Сонымен қатар, табиғи таза бал және өзге де өнімдер бар.

Қала әкімдігінің өкілдері: – Бұл сапалы тауарларды делдалсыз, тиімді бағамен сатып алып, жағымды атмосферада уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік. Жәрмеңке тұрғындардың қалтасына тиімді болып қана қоймай, отандық тауар өндірушілерді қолдауға да септігін тигізеді, – дейді.

Нұрай Жеңісқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button