Басты жаңалықЭкономика

Қазақстан мен Беларусь банктері Еуропалық одақтың санкцияларына ілікті

23 қазанда Еуропалық Одақ 19-шы санкциялар пакетін бекітті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі, Reuters агенттігінің таратқан ақпаратына сілтеме жасап.

Бұл жолы санкцияларға Беларусь пен Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстанның да кейбір банктері ілікті. Брюссель олардың Ресейге қарсы шектеулерді айналып өтуге қатысы бар деп мәлімдеді.

Санкцияға ВТБ банкі іліккен. Еуроодақтың түсініктемесіне сәйкес, шектеу 2025 жылдың 2 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Негізі ВТБ банкі ресейлік қаржы тобына тиесілі. Қазақстанда 2008 жылдың 19 қыркүйегінде тіркеліп, 2009 жылдың 22 мамырында өз қызметін бастаған. Сонымен қатар, Орталық Азияның басқа банктеріне де 12 қарашадан бастап шаралар енгізілді:

«Толубай АКБ» (Қырғызстан)

«Еуразиялық Жинақ Банкі» (Қырғызстан)

«Спитамен Банк» (Тәжікстан)

«Душанбе Сити Банк» (Тәжікстан)

«Тәжікстан Коммерциялық Банкі»

ЕО Комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйен бұған дейін бірнеше ресейлік банк пен санкцияларды айналып өтуге көмектескен елдердің қаржы ұйымдарына толық транзакциялық тыйым салынатынын мәлімдеген еді.

Тізімге енген Қазақстан банктері үшін бұл ЕО елдеріндегі серіктестермен кез келген есеп айырысуларға тыйым салуды білдіреді. Яғни, халықаралық айналымға, әсіресе еуро мен доллармен операцияларға қатысу мүмкіндігі шектеледі.

Сонымен қатар, 19-шы санкциялар пакетіне мыналар кіреді:

— Ресейлік сұйытылған газды импорттауға кезең-кезеңімен тыйым салу;

— «Роснефть» пен «Газпромнефть» сияқты ресейлік мұнай компанияларына толық транзакциялық тыйым;

— «Көлеңкелі флот» деп аталатын кемелер тізімін кеңейту;

— Ресей мен үшінші елдердегі әскери-өнеркәсіп кешені үшін технология жеткізетін 45 компанияға қарсы шектеулер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button