Басты жаңалықДенсаулық
Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігін қадағалау – басты назарда
Ақордада Медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы маңызды көрсеткіштер мен алдағы міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Негізгі сандар мен фактілер:
- 76 жас – былтырғы қорытынды бойынша елдегі азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы осы көрсеткішке жақындады.
- Ана мен бала өлімі азайды: Соңғы үш жылда ана өлімі 35%-ға, ал сәби өлімі 24%-ға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік тарихындағы ең төменгі көрсеткіш.
- Саланы қолдау: Соңғы үш жылда медицина мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі 7 есеге артты. Қазір бұл жүйеде 280 мыңнан астам маман еңбек етуде.
- Инфрақұрылым: Кейінгі 7 жылда 1300-ге жуық жаңа нысан бой көтерді.
- Цифрландыру тиімділігі: Жаңа технологиялардың арқасында диагностика уақыты 4 есеге қысқарып, қатерлі ісікті (рак) анықтау көрсеткіші 30%-ға өскен.

Шешілуі тиіс басты мәселелер:
- Дәрігерлер қауіпсіздігі: Президент медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуы тиістігін шегелеп айтты.
- Ескірген ғимараттар: Елімізде пайдалану мерзімі өтіп кеткен 14 мыңнан астам нысан әлі де жұмыс істеп тұр. Үкіметке осы инфрақұрылымдарға ауқымды реновация жүргізу тапсырылды.
- Кадр тапшылығы: Ауылдық жерлердегі білікті маман тапшылығын жою үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысшыларын қолдаудың арнайы бағдарламасы әзірленбек.

Президент: – Жаңа Конституцияда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән беріліп, ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аударылды, – деді.
Айта кетейік, салтанатты жиында бірқатар медицина қызметкерлеріне мемлакеттік наградалар табысталды.
Minut.kz



