Басты жаңалықҚоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев 106 жастағы дикторға «Құрмет» орденін берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Рәсімде сөз сөйлеген Президент медиа саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғам өміріндегі рөлін жоғары бағалады.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер, – деді Мемлекет басшысы.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды
Президент баяндамасының негізгі тезистері:
  • БАҚ – қоғам айнасы: Газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформалар құруда. Әлем қауымдастығы еліміздегі өзгерістерді осы отандық медиа арқылы таниды.
  • Парламент жұмысы: Жаңа Конституция – ел дамуының берік кепілі. Осы маңызды кезеңде Парламенттің 8-ші шақырылымы өз жұмысын аяқтайды. Президент қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, алдағы мақсаттарды айқындайтынын жеткізді.
  • Жалған ақпаратпен күрес және тәрбие: Тоқаев медиада «жеңіл ақша» мен ысырапшылдықты дәріптеуге қарсы шықты. Жастарға алдамшы өмірді емес, адал еңбек пен ішкі мәдениетті үлгі ету керектігін баса айтты.
  • Өңірлік журналистерге қолдау: Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілттері табысталады.

Президенттің Жарлығымен ақпарат саласының ардагерлері мен танымал өкілдері марапатталды. Олардың ішінде ұлттық телевизияның алғашқы кәсіби мамандарының бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген, қазір 106 жасқа келген майталман диктор Зұлқия Жұматоваға «Құрмет» ордені берілді.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button