Қоғам

Өскеменде «Bereke Fest» республикалық акциясы басталады

Өскеменде 1-7 шілде аралығында «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының күшіне енуіне орай ұйымдастырылатын шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы жеңілдіктер мен тиімді ұсыныстар жасалмақ, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бір апта бойы шаһардағы бірнеше ірі сауда орталықтары мен супермаркеттерде мерекелік бағалар мен тиімді акциялар қолданыста болады.

  • «Bereke Fest» акциясы өтетін сауда нысандарының тізімі:
  • «City Center» СС – Виноградов көшесі, 17А
  • «Family Market» СС – Сәтбаев даңғылы, 55А
  • «Алма Store» (ADK River) – Қазақстан көшесі, 62
  • «Алма Store» – Сәтбаев даңғылы, 15Б
  • «Колос» сауда үйі – Әуезов көшесі, 15
  • «Волна» сауда үйі – Қабанбай батыр көшесі, 114
  • «45 гастроном» сауда үйі – Н. Назарбаев даңғылы, 25
  • «Самал» сауда үйі – Бажов көшесі, 331/1
  • «Алтай Маркет» сауда үйі – Жібек жолы көшесі, 44/1
  • «ТНП» сауда орталығы – Сәтбаев даңғылы, 39

«Bereke Fest» – бұл берекелі сауда мен тиімді сатып алудың мерекесі. Қала тұрғындары мен қонақтары 1 шілдеден бастап жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша тиімді ұсыныстарды пайдаланып қалуға мүмкіндік бар.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button