Қоғам
Павлодарда үш адамды көлік қағып кетті
Павлодардағы саяжай шағын ауданында Mitsubishi Carisma автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қақты. Одан кейін көлік электр бағанасы мен аялдамаға соғылып, аударылып қалған, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жол апатының салдары 2 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып тұрағына қойылып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
Minut.kz



